Норвегиялық отбасы үйінің астынан викингтер қабірін тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегиялық отбасы үйінің астынан викингтер қабірін тауып алды

28.05.2020
Норвегиялық отбасы үйінің астынан викингтер қабірін тауып алды

Норвегияның Буде қаласының тұрғындары еден астынан ежелгі викингтердің қабірін тауып алды. Үйлеріне жөндеу жұмысын жасаған азаматтар жатын бөлмелерінің орнынан үлкен темір балта мен ойыншықтың бір бөлігін тапқан. Олжаның тарихи маңыздылығы барына көз жеткізген отбасы дереу арнайы мамандарды шақырған.

Оқиға орнына келген зерттеушілер қабірдің викингтер заманына тиесілі екенін растап отыр. Археолог Мартинус Хаугли қабірді Х ғасырмен байланыстыруда. Табылған адам сүйектері мен заттар әрі қарай терең зерттеу жұмыстары үшін зертханаға жіберілді.

Lenta


Хабарламаларға жазылу