Түркістан облысында жедел жәрдем қызметіне үлкен іріктеу өтті. Фельдшер мамандарының байқауына барлық аудан-қаладан 318 үміткер қатысты.
Олар арнайы комиссия алдында сынақ тапсырды. 3 түрлі сыннан сүрінбей өткендердің әлеуметтік жағдайына да мән берілді. Себебі аймақта тұрмысы төмен отбасы мүшелерін тұрақты жұмысқа тарту жағына көп көңіл бөлінуде. Сондай-ақ медицина мамандарының айлығы 20-30 пайызға өсті.
Гүлжазира Ғалиқызы