Алматы облысында болашақ құтқарушыларды даярлайтын кадет сыныбы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында болашақ құтқарушыларды даярлайтын кадет сыныбы бар

05.02.2020

Еліміздегі ең жас құтқарушыларды дайындайтын кадет сыныбы Алматы облысында орналасқан. Іле ауданы Өтеген ауылының №7 мектебі негізінде ашылған сыныпта 27 оқушы оқиды. 

Мамандардың айтуынша, мұндағы оқушылар тәртіпке үйреніп, уақытын тиімді жоспарлауға дағдыланады. Бойына жауапкершілік пен патриотизм сияқты қасиеттерді сіңіріп өседі. 

Сыныпты ашудағы басты мақсат - мектеп партасынан болашақ өрт сөндіруші, құтқарушыларды даярлап шығару. Кадет сыныбын Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өз қамқорлығына алған.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу