Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 492-ге жетті.
24324 адам індет жұқтырған. 892 науқас ауруханадан шығарылған.
Қайтыс болғандардың көбі Қытайдың құрлық бөлігінде. Гонконг пен Филиппинде де (бір адамнан) адам өлімі тіркелді.
23,2 мың адам 2019-nCoV коронавирусын жұқтырды деген күдік бар. Ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болған 185,5 мың адам дәрігерлер бақылауында.
Қауіпті вирус Қытайдан басқа 24 елде тіркелді.
Фото:REUTERS / Aly Song