Нұр-Сұлтан қаласындағы қарды тазалап үлгермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы қарды тазалап үлгермей жатыр

04.02.2020

Елордада қарды уақытылы тазаламаған 107 ұйымға айыппұл салынып, 10 компаниямен келісімшарт бұзылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жауаптылардың сөзінше, қар аршуға күніне 1300 техника шығады. Бұдан бөлек, қармен күреске жаңа технология да енгізіліпті. Мәселен, мына агрегаттар 2016 жылы Канададан сатып алынған. Мамандар қанша күш салсақ та, қарды тазалап үлгермей жатқанын айтады. Өйткені биыл ақ ұлпа нормадан 3 есе көп түскен.

Алдағы күндері тағы да қар жауатынын маманның өзі айтып тұр. Ал халық үшін коммуналдық қызметтердің соған дайын болғаны маңызды. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласы әлі де төтенше жағдай режимінде.

Аманкелді СЕЙТХАН


Хабарламаларға жазылу