«ОНЛАЙН ОҢАЙ». Түркістанда осындай форум өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірге көпшілікке электронды үкімет порталын қолданудың қыр-сырын үйретті. Әсіресе, мобильді қосымшалар арқылы, соның ішінде Egov mobile жүйесіндегі 28 қызметті жасырын сөзбен, биометриялық әдістермен қалай алуға болатынын көрсетті.
Сондай-ақ түрлі анықтамалар мен құжаттарды әлеуметтік желілер арқылы алудың жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Шараға студенттер мен волонтерлар тартылған.
Гүлжазира Ғалиқызы