Кенияда 13 оқушы мектепте тапталып мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияда 13 оқушы мектепте тапталып мерт болды

04.02.2020
Кенияда 13 оқушы мектепте тапталып мерт болды

Кенияда 13 оқушы қоңырау соғылып, сабақ аяқталған соң мектеп есігінің алдындағы кептелісте тапталып қайтыс болды. Балалар асығыс шыға беріске қарай ұмтылып, бірнешеуі абыр-сабыр кезінде төртінші қабаттан құлаған. 

Тағы 39 бала ауыр жарақат алған. Жергілікті полицейлердің айтуынша, 20 оқушы ауруханада медициналық көмекке жүгініп, содан соң үйде ем қабылдауға жіберілген.

Оқиға елдің оңтүстігіндегі Какамега елді мекеніндегі бастауыш мектепте болған.

tass.ru сурет:wftucentral.org


Хабарламаларға жазылу