«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасына кеткен шығынның жемісін еліміз 4-5 жылдан кейін көреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасына кеткен шығынның жемісін еліміз 4-5 жылдан кейін көреді

05.06.2017

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкен мәлімдеді. Депутаттар көлік логистикасы саласының мамандары, саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесіп, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жан-жақты талқылады. Жиында бағдарламаның ұтымды тұстары және жаңа Жібек жолымен түйісу жайы сөз болды.

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту аясында  алдағы уақытта 7 мың шақырым жол салу, 2 темір жол жобасын іске асыру жоспарланған.  Мұның бәрі еліміздің Орта Азиядағы ірі транзиттік хабқа айналуына сеп болмақ.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу