«Қордай асуының айналма жолы» учаскесінде қозғалыс ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қордай асуының айналма жолы» учаскесінде қозғалыс ашылады

24.07.2014
«Қордай асуының айналма жолы» учаскесінде қозғалыс ашылады

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің «Қордай асуының айналма жолы» учаскесінде жылдың аяғына дейін қозғалыс ашу жоспарлануда.

Қазіргі кезде топырақ жұмыстары толық аяқталып, төсеме қабаты әзірленіп, шағыл тас-құм қоспасынан жасалған табан цементпен өңделді. Сонымен қатар, көлік тораптардан түсу жолдарында цемент-бетон жамылғыларын салу жұмыстары жалғасуда.

Бас мердігер – АО «Дженгиз Иншаат» компаниясы. Жұмыс көлеміне Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай мен Благовещенка кенттерінің арасындағы жол учаскесінің құрылысы кіреді. Бүгінгі күні учаскеде көлік тораптарынан түсу және негізгі жолдарында бөгеме қоршаулар орнатылуда.

Көпірлер мен жол өтпелердің аяқталуы 95 пайызға жетті. 4 көпірдің асфальт-бетон жамылғысы төселіп, 5 көпір асфальт-бетон жамылғысы төсеуге тапсырылды.

Хабарламаларға жазылу