Гонконгта мыңдаған медицина қызметкері шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта мыңдаған медицина қызметкері шеруге шықты

03.02.2020

Гонконгта мыңдаған медицина қызметкері Қытаймен арадағы шекараны жабуды талап етіп, ереуілдетіп жатыр. Олар коронавирустың өршіп бара жатқанына алаңдаулы. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қалада аталған вирусты жұқтырғандар саны 15-ке жеткен.

Гонконг әкімшілігі өткен аптада Қытайға қатынайтын пойыздар мен паромдарды тоқтатты. Сонымен қатар, бірнеше бағыттағы шекаралық жолдар жабылып, вирус ошағы - Ухан қаласынан адамдардың келуіне шек қойылған-ды. Алайда демонстранттар бұл әрекеттерді жеткіліксіз деп отыр. Олардың айтуынша, жұқпалы инфекцияның таралуын тоқтату үшін Гонконгты материктен толықтай оқшаулау керек. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу