Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды

03.02.2020

Түркістан қаласының табысы 4-ақ миллиард теңге. Шежірелі шаһардың шығыны көп, мемлекеттік дотациямен күн көріп отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімі Рашид Аюпов айтты.  

Есеп беру алдында халықпен кездескен ол шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, коммуналдық шаруаларын сөз етті. Айтуынша, тек білім беру саласына 19 миллиард теңге қаржы жұмсалады. Биыл бұл шығын көлемі тағы 20 миллиардқа ұлғаяды. Оған мектептерге бейнекамералар орнатып, сырттағы әжетхана ішке кіргізілмек. 

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу