Оқиға 2 ақпанда болған. Шемонаиха қаласында өзен жағасында ойнап жүрген төрт баланың екеуі қалың қардың астына түсіп кеткен. 2004 жылғы баланы қар жартылай басқан, сондықтан достары оны өз беттерімен шығарып алып, содан соң көмекке жүгірген.
Оқиға орнына құтқарушылар келді. 2006 жылы туған баланы іздеуге жедел-құтқару жасағының кинологиялық тобы, полиция мен жергілікті тұрғындар да қатысты. Бала болған жердегі барлық қар тазаланды. Іздеу кезінде қалыңдығы 3 метр қар астынан баланың жансыз денесі табылды, деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.