Лондонның оңтүстігіндегі Стрэтэм Хай Роад көшесінде кетіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдаған ер адамды полиция қызметкерлері атып тастады. Оқиғадан 3 адам зардап шеккен. Оның екеуі ауыр халде.
Лондон полициясы бұл оқиғаны теракт деп бағалады.
Билік өкілдері пышақпен шабуылдаған адамның кім екенін анықтады. 20 жастағы Сундеш Амман қаңтар айының соңында түрмеден шыққан. Оның денесінен жарылғыш заттың муляжы табылды.
bbc.com © Victoria Jones/PA via AP