Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 41 адамға сараптама жүргізілуде

31.01.2020

Дәл қазіргі уақыттағы еліміздегі жағдай бойынша соңғы ақпарат. Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 41 адамға сараптама жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, қызуы көтерілген 66 адам оқшауланды. Оның 25-і үйіне шығарылды. Әзірге барлығына жедел респираторлық вирусты инфекция диагнозы қойылған.

Короновирус белгілері де тура осы ЖРВИ-ге ұқсас. Сол себепті денсаулығында күмәнді белгісі барлар жіті тексеріледі. Ал еліміздің бас инфекционисі тұрғындардың өздеріне өте сақ болуға шақырды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу