Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналықтар шеруі Израиль жауынгерлерімен қақтығысқа ұласты. Демонстранттар АҚШ пен Израильдің туларын және президент Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрінің суреттерін өртеді.
Манифестация Трамптың Таяу Шығыста бейбітшілік орнату туралы жоспарына наразылық ретінде ұйымдастырылған. Палестиналықтардың сөзінше, Ақ үй басшысы осы жоспары арқылы Израильге Батыс жағалаудың айтарлықтай жерін бақылауға мүмкіндік беріп отыр.
Арыстан Рысбек