Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр

31.01.2020
Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Молдова премьер-министрлерінің қатысуымен «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтіп жатыр.

Жиында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жасанды интеллектіні дамыту туралы баяндады. Үкімет басшысының айтуынша, жасанды интеллектіні қолданудан экономикалық тиімділік 25 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Премьер-Министр бүгінде цифрлық технологиялардың қарыштап дамуы әлемдік экономикаға едәуір ықпал етіп жатқанын айтты. Оның ішінде болашақта шешуші рөл атқаратын жасанды интеллектіні дамытуға баса мән берілуде. 

Асқар Маминнің айтуынша, жасанды интеллектіні қолданудан экономиканың әр саласына түсетін қосымша құн 2030 жылға таман 5 трлн АҚШ долларына жетуі мүмкін. 

«Ұзақ мерзімді мақсатымызды орындау жолында 2050 жылға таман әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін жыл сайын экономиканың өсімін 5-6 пайызға көтеріп отыруды көздеп отырмыз. Бұл көрсеткішке еңбек өнімділігін арттыру көп ықпал етуі тиіс. Осы жерде жасанды интеллектінің әлеуеті зор. Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудан экономиканың салаларында экономикалық тиімділік жылына 25 млрд долларға жетуі тиіс», - деді Асқар Мамин.

Хабарламаларға жазылу