Елордалық ұстаздар Абайдың 175 жылдығына орай жаңа челлендж бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық ұстаздар Абайдың 175 жылдығына орай жаңа челлендж бастады

29.01.2020

Елордалық ұстаздар жаңа челлендж бастады. Мұғалімдер хакім Абайдың Қара сөздері жазылған кеудеше киіп, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін шырқап, челленджді өзге мектептерге жолдады. Олар игі бастаманы жұрт қолдап, әрі қарай жалғастырса деген ниетте. 

Абай әндері ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып бүгінгі күнге жетті. Өміршеңдігін дәлелдеді. Кемеңгер ақын шығармаларының мағынасы терең, тәрбиелік мәні жоғары. Бұл бастама сол мазмұнды туындыларды кеңірек насихаттап, Абай айтқан ізгі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатын көздейді. 

Хабарламаларға жазылу