Шығыс Қазақстанда тұмауға байланысты 3 мектепті уақытша карантинге жапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тұмауға байланысты 3 мектепті уақытша карантинге жапты

27.01.2020

Шығыс Қазақстанда тұмау өршіп тұр. Өткір респираторлық вирустық аурудың белең алуына байланысты облыста 3 мектеп уақытша карантинге жабылды. Алтай және Қатон-Қарағай ауданында барлығы 1 жарым мыңға жуық оқушы бір апта сабаққа бармайды. Жалпы, аймақта қаңтар айының 16-сы мен 22-і аралығында 4 мыңнан астам адам тұмауға шалдыққан. Оның дені мектеп оқушылары. Сырқаттанған балалардың көбі 14 жасқа толмаған. Мамандардың мәлімдеуінше, өңірдегі жедел респираторлық-вирустық инфекцияның таралуы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 процентке көп.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу