Беларусь коронавирусқа байланысты шекарасын жапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь коронавирусқа байланысты шекарасын жапты

30.10.2020

Беларусь көрші елдерде коронавирустың өршуіне байланысты шекарасын уақытша жапты. Латвия, Литва, Польша, Украина азаматтарына елге кіруге тыйым салынды. Қазір бұл елде күніне мыңға жуық адамнан инфекция анықталуда. 

Францияда қайта жарияланған локдаунға қарсы халық наразылық білдіріп жатыр. Жұмыс орындары жабылып, азаматтар үйден шығу үшін арнайы құжат алып жүруі тиіс. Тұрғындар мұндай шектеулерді заңсыз деп отыр Қатаң тәртіп желтоқсанның 1-не дейін созылуы мүмкін. 

Ал АҚШ-та коронавирус бір тәулікте 92 мың адамнан анықталды. Джонс Хопкинс унверситетінің дерегінше, бұл – пандемия басталғалы елдегі ең жоғары көрсеткіш. Вирустың өршуі 41 штатта байқалып отыр.

Жансая Қапасқызы

Беларусь Еуропа коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу