Мал экспортына қатысты пікірталас туды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мал экспортына қатысты пікірталас туды

26.01.2020

Тірі мал экспортына орай пікірталас туды. Өзіміздің ет өңдейтін кәсіпорындарға шикізат жоқта, бұл қалай?

Мысалы, былтыр 156 мың бас ірі қара, 260 мың қой экспортталған, оның 80 процентін Өзбекстан сатып алған, мұндай болған емес, дейді сала мамандары.

Жеңіл өнеркәсіп жоқ, тиісінше, киім-кешек, аяқ киім өнеркәсібі нөл, жаңа технологиялар... хаб дейік, стартап дейік, өркен жайып жатқаны байқалмайды. Тамақ өнеркәсібі... осы саланы дамытуға, оның ішінде ет және сүт өнімдерімен өзімізді өзіміз қамтуға, қамтығанда да табиғи өніммен қамтуға бүкіл алғышарттар бар ғой? Сонда не дұрыс емес?

Президент Қ.Тоқаев «Агроөнеркәсіптік кешен – көп эксперимент жүргізгеннен көп зардап шеккен сала. Нәтижесінде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай шығын келді. Бұдан әрі бұлай жалғаса алмайды» деген жұмадағы жиында.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу