Шона Смаханұлының «баласы кеше бешірге барды, әкесі кешірім сұрады» деген сықағы еске түсті. Неге дейсіз бе?
ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары Германияға тағылымдамадан өтуге барғандарында... «еркін форматта «бешір» жасап соңында 8 –і оқудан шығарылды. Сонымен бірге олар екі жылғы оқуларының ақшасын қайтарулары керек. Біз магистранттарды және академия басшысын жаздық. Магистранттар: «ешкімге кедергі келтірмедік, сабақтан тыс уақытта өтті» десе, оқу орнының жетекшісі: «Олар мемлекеттік қызметші кодексін өрескел бұзды және қоғамның ащы сынына қалды»,- деді.
Әрине, «бешір» үшін оқудан шығарылу, карьераға нұқсан келгені – оңай емес. Екінші жағынан, қоғам «еркетотай» шенеуніктерден, шешімі біртүрлі соттардан шаршаған. Бірақ... Бірақ критерий қандай және ең маңыздысы - бәріне талап бірдей ме?.. «Біздің уақыттың диссонансы» деп тақырып қойып, Ақерке Бектас таразыға салып көрді.
Ақерке БЕКТАС