«Біздің ел - біздің таңдау» онлайн телемарафоны басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біздің ел - біздің таңдау» онлайн телемарафоны басталады

20.11.2022

Бүгін саяси науқан қарсаңында «Қазақстан телерадиокорпорациясы» ұйытқы болған «Біздің ел – біздің таңдау» атты онлайн телемарафон өтеді. 16 сағаттық шараның маңызы бөлек, мазмұны ауқымды.

Раушан Сайлауқызы, тілші: Дәл қазір әріптестерім техникаларды тексеріп, әзірлік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір сағаттан соң онлайн телемарафон басталады. Маңызды ақпарат, мазмұнды сұхбат, әдемі ән, қызықты қойылым да бәрі бәрі дәл осы алаңнан назарларыңызға ұсынылады. Марафонға саясаттанушылар мен депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт саласының өкілдері белсенді жастар мен блогерлер қатысады. Түрлі тақырыптарда дискуссиялар ұйымдастырылып, еліміздің барлық аймағынан және шетелдерден тікелей қосылымдар жасалады. Сондай-ақ электораттың саяси белсенділігі бойынша сағат сайын баспасөз конференциялары ұйымдастырылады. Халықаралық байқаушылар, сарапшылар, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері дауыс беру барысы жайлы соңғы ақпараттармен бөліседі. Одан бөлек, танымал тұлғалардың мотивациялық монологтары жоспарланған. Сахна жұлдыздары мен танымал стендаперлер өнер көрсетеді. Бас аяғы 1500нан астам, қонақпен сұхбат жүргізіледі. Құрметті көрермен, сіздер марафонды Отандық теле-радио арналар мен олардың интернет ресурстары және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Жобаны елімізге есімі танымал 27 тележурналист тізгіндейді. Ерекше форматта өтетін шара таңғы 09:00 ден түнгі бірге дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу