Президент жастар кадрлық резервіне өту – зор жауапкершілік. «Үнемі сенім үдесінен шығуға талпындырады»,- дейді мемлекеттік қызметке іріктелгендер. Сыннан өткен үш жүздің арасында сан-саланың маманы бар.
Ринат - резервшілер мүшесі. Бірақ іріктеуге мансап қуып, дәреже үшін бармағанын айтады. Өзін қамшылау, сынға түсу – оның өмірлік ұстанымы.
Ринаттың айтпағы – Астана халықаралық қаржы орталығының мемлекеттегі орны. Қарапайым тұрғындарға пайдасы. Алайда халықтың қаржылық сауаты төмен.
Төмен болған соң несиеге ұрынады, тиыннан теңге құрай алмайды. Мысалы, Қытайдың 10 проценті, яғни, 1 жарым миллиардтан 150 миллион халқы құнды қағаздар сатып алады. «Ал бізде брокерлік шоты барлар 1%-тен де аз»,-дейді. Сондықтан реті келгенде Президентке ұсыныс айтқан еді.
Жаңа мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Ардақ Өтепов. 35 жастағы жігіт Азаматтық авиация академиясының түлегі. Сондай-ақ Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бөлімін бітірген. 2007 жылдан бастап осы салада тапжылмай еңбек етіп келеді.
Кадрлық резервке өткен екеуі де ерекше мәртебеге ие. Екі түрлі саланы меңгерген олар бір мемлекеттің мүддесі үшін еңбек ете беретіндігін айтты.
Нысаналы ЫҒЫЛ