Жыл басынан бері  1 млрд. 700 млн-ға жуық теңге игерілмей, бюджетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері  1 млрд. 700 млн-ға жуық теңге игерілмей, бюджетке қайтарылды

28.04.2017

Жыл басынан бері 1 млрд. 700 млн-ға жуық теңге игерілмей, бюджетке қайтарылды. Бұл – Астана қаласы бойынша бюджет қаражатының мақсатты пайдалануын бақылап, тексеріс жүргізген Ішкі аудит департаменті жұмысының нәтижесі.

2017 жылдың алғашқы тоқсанында құзырлы орган 34 аудиторлық іс-шара жүргізген. Нәтижесінде, 3 млрд-тан астам қаржының шикіліктерін анықтаған.

Оның ішінде, 1 млрд. 700 млн. теңге тиімсіз жұмсалса, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 632 млн. мемлекеттік сатып алудағы заңсыздықтар 835 млн. теңгені құраған.  Ал, қаладағы нысандарды тексеру кезінде 15 лауазымды тұлғаның заңды белінен басқаны әшкереленіп, олар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу