Елордада колледж түлектері бірден жұмысқа орналаса алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада колледж түлектері бірден жұмысқа орналаса алады

22.01.2020

Ол үшін 8 мобильді еңбекпен қамту орталығы жұмыс істейді. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бос жұмыс орындарының банкі құрылған.  

Былтыр орталық менеджерлері 25 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті. Олардың дені жаңа мамандықты игеруді қалайды немесе кәсіппен айналысып, іс бастағысы келеді. 

Орталық арқылы 2000 жас қысқа мерзімді кәсіби курсқа жіберілді. Оқығандардың 60 проценті тұрақты жұмысқа тұрды.  

Колледж түлектері кез келген мамандық бойынша еңбекпен қамтылады. Мысалы, ірі мұнай компанияларының бірі 20 бос орын ұсынып отыр. Оған оқуын жақсы аяқтаған, өзін жақсы қырынан көрсете білген жастар іріктеліп алынады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу