Мектеп маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Былтыр полицейлер қаладағы 42 білім ошағындағы ахуалды тексеріп, оның 32-інде «Абайлаңыз, балалар!» дейтін арнайы жол белгісі мен жаяу өткіншілер жолағының жоғын анықтаған.
Тұрғын үй шаруашылығы басқармасына ұсыныс беріп, жаңадан 70-тен астам жол белгісі қойылды. Атап айтсақ, жасанды кедергілер, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер, дыбыс жолақтары орнатылды. Соның арқасында жол апаты айтарлықтай азайды,- дейді полицейлер. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы оқушылар 33 мәрте жол апатына түссе , былтыр бұл сан 10-ға қысқарған.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ