Өскеменде келер айдан бастап электр қуатының бағасы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде келер айдан бастап электр қуатының бағасы қымбаттауы мүмкін

12.04.2017
Өскеменде келер айдан бастап электр қуатының бағасы қымбаттауы мүмкін

Осыған байланысты өңірді энергиямен қамтамасыз етіп отырған «ШығысЭнерготрейд» мекемесі облыстық Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне тарифті көтеру туралы өтініш білдірген. Бүгін бұл мәселе қоғамдық тыңдауда талқыға түсті.

 

Мекеме электр қуатының құнын орта есеппен  3,9 пайызға көтермек. Айтуларынша, тұтынушыларға қызмет көрсету, есепшоттарды ұсыну, дебиторлық қарызбен жұмыс жүргізу үшін қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, тарифті көтеруге бел буып отыр.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу