Ресейдің Перьм облысындағы қонақ үйлердің бірінде жылу құбыры жарылып, бес адам қайтыс болды. Оның бірі бала. 6 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алған. Оқиға кеше түнгі бірлер шамасында болған, он минуттан соң жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер жеткен. Дегенмен күйік шалған адамдарды құтқару мүмкін болмады, өйткені қонақ үй жертөледе орналасқан, эвакуациялық шығу жолдары мен терезелер жоқ. Қауіпсіздік талаптары сақталмаған қонақ үй қырық жылдан бері жөндеу көрмепті.
Индира БЕГАЙДАР