Елордадағы жаңа вокзалдың құрылысы 15 мамырға дейін аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы жаңа вокзалдың құрылысы 15 мамырға дейін аяқталады

10.04.2017

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. 

Жоспар бойынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында жаңа вокзал өзінің алғашқы жолаушыларын қабылдамақ. Сондай-ақ, жиында ақылы жолдар жайы айтылды. Министр «болашақта мұндай жолдардың бағасын көтеру қажет» деген пікірін білдірсе,  депутаттар «олардың сапасына қарау керек», деп отыр.

 

 Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу