Қызылорда облысында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді

22.12.2014
Қызылорда облысында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді

Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сай, елімізде білім беру саласын өркендетуге ерекше көңіл бөлініп отыр.

Қазір 30 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Апаттық деп танылған 25 мектептің 14-нің құрылысы  жыл соңына дейін аяқталады. Қалған 11 мектепті 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр», - деді аймақ басшысы.

Айта кетсек, биыл ауданда үш жаңа білім ордасы пайдалануға берілсе, келер жылы тағы екі мектептің құрылысы басталмақ. 

Хабарламаларға жазылу