1000 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1000 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерге айыппұл салынады

17.01.2020

1000 теңге номиналындағы банкнотты кәсіпкерлер қабылдаудан бас тартса, айыппұл салынады. Ұлттық банк өкілдері осыны ескертті. 

2013 жылы «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған 1000 теңге заңды төлем банконоты болғандықтан, қабылдауға міндетті. Егер кәсіпкерлер оны қабылдаудан бас тартса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, ескерту беріледі. Ал жағдай жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді. Бұл банкнот тек әбден тозған жағдайда айналымнан алынады. 

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу