Ақмола облысында 45 адам қар құрсауынан құтқарылды. 17-сі жылыту орындарына жеткізілді. Кешеден бері Ақмола облысындағы республикалық және облыстық жолдар жабық. Нұр-Сұлтан қаласынан барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелді. Ақтүтек боранда көліктерді жібермеу үшін 25 жедел топ жұмыс жұмыс істеуде. Алайда, ескертуге құлақ аспай айналма бағыт арқылы жолға шыққандар бар. Қар құрсауында қалғандар да солар. Қазір 100-ге жуық техника жолды тазалап жатыр. Мамандардың болжамы бойынша бүгін боран басылмайды. Сондықтан тұрғындарға жолға шықпауға кеңес береді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН