Құжатқа Вашингтон қаласында АҚШ тарапынан президент Дональд Трамп, Қытай тарапынан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хе қол қойды.
Қол қою рәсімін Ақ үйдің сайты трансляциялады.
Келісімде Қытай тарапы АҚШ-тың 75 миллиард долларға өнеркәсіп өнімдерін, 50 миллиард долларға энергия, 40 миллиард долларға ауылшаруашылық өнімдерін сатып алады, ал Қытай алдағы екі жыл ішінде қызметтерге 35-40 миллиард доллар жұмсауға мәжбүр болады. АҚШ пен Қыай арасындағы сауда-саттық құны жүздеген миллиард долларды құрайды.
Осы келісімде Қытай авторлық құқықты қорғауды арттыруға уәде берді.Осылайша 2 жылдық келіссөздер оң нәтижесін берді.
Мәміленің екінші кезеңі туралы келіссөздер аясында алынатын төлемдер мен қалған төлемдер туралы талқылаулар күтілуде. АҚШ шамамен 250 миллиард доллар тұратын қытайлық тауарларға қатысты 25 пайыздық баж салығын, Трамп келіссөздің екінші кезеңінде шектеулердің алынып тасталатынын айтты.
АҚШ әкімшілігі Қытай бірінші кезеңінде сауда операцияларының шарттарын бұзса, жаңа төлемдер өндіріп алмақ.