Павлодарда тұрмысы төмен отбасыларға көмір тегін таратылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда тұрмысы төмен отбасыларға көмір тегін таратылып жатыр

15.01.2020

Павлодарда қала әкімшілігі тұрмысы төмен отбасыларға көмірді тегін таратып жатыр. Ол үшін көмекке мұқтаж адамдар шаһардың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп өтініш береді. Сол бойынша тізім жасалады. Бүгін облыс орталығында пешпен жылытылатын 134 үйге 2 тоннадан көмір түсірілді. Сондай-ақ қала іргесіндегі Кенжекөл ауылындағы 30-дан аса отбасы қатты отынмен қамтылды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу