Индустрияландыру бағдарламасы нәтижесінде экспортқа шығатын тауар түрлері көбейді. Бұл туралы, бүгін Үкімет жиынында баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Мәселен, өткен жылы индустрияландыру картасы аясында 878 млрд. теңгенің 130 жобасы іске қосылған. Нәтижесінде, 10 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылды. Қазір, көбіне дайын өнім шығаруға бейімделген кәсіпорындар салынуда.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ