Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбиі – тетралогия» кітабының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбиі – тетралогия» кітабының тұсауы кесілді

10.01.2020

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын әрі аудармашы Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбиі – тетралогия» кітабының тұсауы кесілді. Ақынның төрт томдық туындысы тынымсыз еңбектің, ізденістің жемісі. Автор сөзді құбылтып, өз ойын жеткізуде шебер пайдалана білуді сөздің биі деп есептейді. Осы арқылы қазақ тілінің өте бай екендігін дәлелдейді. «Сөзбиі – тетралогиясының» түйдектерін оқып отырғанда оның ішкі иірім, ырғақ - ұйқастары оқырманды еріксіз әуез -әуенге, мәнер - мақамға жетелейді. Төрегелді Тұяқбай сондай-ақ, ән-күйлердің, оперетта - мюзиклдердің авторы. «Айттым сәлем» атты поэзиялық - музыкалық кеште ақынның шығармалары оқылып, әндері шырқалды.  

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу