Қ.Тоқаев: Абайды әлемге лайықты деңгейде таныта алмай келеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Абайды әлемге лайықты деңгейде таныта алмай келеміз

09.01.2020
Қ.Тоқаев: Абайды әлемге лайықты деңгейде таныта алмай келеміз

«Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз». 

Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында осылай деп жазды.

«Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – дейді ол. Бұл ой-тұжырымға ол Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ол отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді. Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға», - делінген мақалада.

Хабарламаларға жазылу