Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің басшылығымен кеңес өткізді. Отырыс барысында Кеңсе қызметінің 2019 жылғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары қаралды. Жиында Елбасының биылғы жұмыс кестесіне ерекше назар аударылып, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев жауаптыларға бірқатар нақты тапсырма берді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ