Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алудың тәртібі өзгерді. Енді төрт балалы және одан көп отбасыларға кіріс көзіне қарамай мемлекеттен кепілді жәрдемақы төленеді. Қызылордада құжатын арқалап, құзырлы мекемеге келгендерге мамандар заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп бағуда.
Жаңа өзгерістерге сәйкес кішкентайы 3-ке толысымен, көпбалалы аналар да еңбек етуі тиіс. Алайда, келгендердің дені жұмыссыз. Әзірге 200-ден аса адамның құжаты қаралған.
Сондай-ақ аз қамтылған жанұялар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құзырлы мекеме ұсынған жұмыстан бас тартпауы тиіс. Бұл жаңа заңның талабы.
Ә.СЕРІКҰЛЫ