Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді

09.12.2019

Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы жаңа тәсілмен төленеді. 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұялар табыстарына қарамастан мемлекеттік төлемге ие болады. Қазіргі есеп бойынша аталған жәрдемақыны 340 мыңнан астам отбасы алады. Оның мөлшері балалардың санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін болуы мүмкін. Атаулы әлеуметтік көмектің де тағайындалу тәртібі өзгереді. Отбасы мүшелеріне шаққандағы табысы күн көріс деңгейінен төмен болса, әлеуметтік жәрдемақыға ие болады. Бұл төлем енді тұрғындарды еңбекке ынталандыруға бағытталмақ. Яғни отбасы мүшелерінің бірі еңбекке жарамды болса, оған тұрақты жұмыс ұсынылады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу