Тегеранда ондаған мың адам генерал Кассем Сүлейманиді жерлеу рәсіміне қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда ондаған мың адам генерал Кассем Сүлейманиді жерлеу рәсіміне қатысып жатыр

06.01.2020

Иранның Таяу Шығыстағы әскери стратегі және сыртқы саясат архитекторы Сүлеймани жұма күні Бағдад әуежайының маңында Американың дронмен жасаған соққысынан мерт болды.

Жаназада марқұмның қызы Зейнаб Сүлеймани сөз сөйлеп, әкесінің өлімінен кейін Құрама Штаттарда қара түнек орнайтынын ескертті. 

Қаралы рәсімге аятолла Хаменей мен президент Хасан Рухани де қатысты. Олар АҚШ-тан кек алатынын жариялады. Бұған жауап ретінде президент Дональд Трамп Иранның 52 нысанына соққы беретінін ескертіп отыр. Осы шиеленіске байланысты Таяу Шығыста үлкен әскери жанжал басталуы мүмкін деген қауіп күшейіп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу