Үндістанда жатақханаға жасалған шабуылдан 40-тан астам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда жатақханаға жасалған шабуылдан 40-тан астам жараланды

06.01.2020

Үндістанда Джавахарлал университетінің жатақханасына шабуыл жасалып, 40-тан астам адам жараланды. Олардың ішінде 12 оқытушы да бар. Куәгерлердің айтуынша, маска тағып, таяқ ұстаған белгісіз біреулер ғимаратқа баса көктеп кіріп, әйнектерді шағып, адамдарды соққыға жыққан. Бұл оқиғадан кейін студенттер бұзақыларды жауапкершілікке тартуды талап етіп, шерулетіп жатыр. 

Айта кетсек, студенттер жатақханада тұру бағасының артуына байланысты 2 айдан бері наразылық білдіріп келеді. Сондықтан, университет әкімшілігі шабуыл үшін олардың өздерін айыптап отыр. Дәл осындай шерулер елдің тағы бірнеше қаласында өтіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу