Кәсіпті игеру және жердің бабын тауып, жыл он екі ай одан табыс табу. Осындай іс әрекеттің арқасында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары биыл қазынаға өз еңбектерімен 4, 2 миллиард теңге пайда түсірген. Қазір мұнда16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Құрылғанына биыл 80 жыл толып отырған саялы Сарыағаш жерінен бүгінге дейін 23 еңбек ері шыққан. Аймақ, сондай-ақ, шипалы суының арқасында өңір туризмін де өрге сүйреп отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ