Апат салдарынан зардап шеккен науқастардың жағдайы әзірге бірқалыпты. Олардың сегізі ауыр халде жатыр. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Нәдіров айтқан еді. Бұған дейін Алматы ауруханаларына 70-ке жуық науқас жеткізілген болатын. Жарақат алғандардың 9-ы – бала. Оның екеуіне операция жасалған. Ал қазір Алматыдан тілші Нұрхан Нұрланұлы тікелей қосылымға шығып, науқастардың жағдайы жайында ақпарат беруге дайын.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ