Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз».
Нысаналы ЫҒЫЛ