Мұнай-газ, химия өндірісінің көлемі соңғы 5 жылда 3 есеге артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-газ, химия өндірісінің көлемі соңғы 5 жылда 3 есеге артқан

26.12.2019

Еліміздегі мұнай-газ, химия өндірісінің көлемі соңғы 5 жылда 3 есеге артқан. Мәселен 2015 жылы осы саладан түскен пайда 19 миллиард теңге болса, биыл 60 миллардқа жеткен.

Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты. Оның сөзінше, саланың дамуы шикізатқа бағытталған экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндік береді. Ал, ол үшін үлкен капитал және қомақты инвестиция қажет. Осы мақсатта қазір инвестициялық жобаларға сатылатын тауарлық газға баға белгілеу туралы жаңа заң жобасы әзірленуде. Өйткені, бүгінгі таңда мемлекет бекітетін баға газдың өзіндік құнынан едәуір төмен, бұл - газ саласын дамыту үшін тежеуші фактор. Екінші жағынан, мемлекеттік реттеуден бас тарту газ бағасының күрт өсуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан газдың нарыққа лайықты бағасын қоюдың жаңа тетіктері қажет.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу