Қазақстанның 16 өңірінде өндіріс көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 16 өңірінде өндіріс көлемі артты

16.08.2022

Елдегі өнеркәсіп өндірісінің индексі биылғы жеті айда 102,7% құрады. Ұлттық статистика бюросы өндіріс көлемі елдің он алты аймағында артқанын хабарлады. Өсім Шымкент қаласында, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Ал Жетісу, Павлодар, Қызылорда және Қостанай облысында керісінше. Мұнда жұмыс өз деңгейінде жүріп жатқан жоқ. Жалпы, жыл басталғалы 28 миллиард 085 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл былтырғы 7 аймен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ өндіру, сусындар, темекі өнімдері, химия және металлургия өнеркәсібі өндірісінің едәуір өскенін аңғартады.

Жыл басталғалы жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3% құрады. Ең жоғары өсім құрылыс, көлік және қоймалау , көтерме және бөлшек саудада байқалады. Статистка бойынша автомобиль жөндеу, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру саласы алға жылжып отыр.


Хабарламаларға жазылу