Банк тонаған егде жастағы азамат ақшаны көшеге шашып жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк тонаған егде жастағы азамат ақшаны көшеге шашып жіберген

25.12.2019

АҚШ-та егде жастағы адам банк тонап, қыруар ақшаны «Рождество құтты болсын!» деп көшеге шашып жіберген. Оқиға Колорадо-Спрингс қаласында болды. Және де куәгерлердің сөзінше, тонаушы өтіп бара жатқан адамдарға жаңа жылды жақсы қарсы алуды тілеген.

Содан кейін 65 жастағы Дэвид Уэйн Оливер жақын жердегі кофеханаға барып, өзін полиция тұтқындап әкеткенше ешқайда кетпей күтіп отырған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, күдікті ұрлыққа ешкімді ерітпей, жалғыз өзі барған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу