Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Министрліктің сайтында жария етілген мәліметтерге қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 1,8%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,2%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 17,6%, жемістер мен көкөністерді - 10%, нан және жарма өнімдерін - 8,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6%-ды құрады.