Атақты актер Джеки Чан кинотүсірілімнің атыс-шабыс кезінде өліп кете жаздады. Бұл туралы The Straits Times басылымы хабарлайды.
«Авангард» фильмінің түсірілім алаңында актер теңіздегі тастардың арасына қысылып, су бетіне шыға алмай қалған. Сол сәтте оның денесі дірілдеп, актер қорқып кеткен. Алайда көп кешікпей әріптестері көмекке келіп, актерді судан алып шыққан.
Бұл оқиға бүкіл түсірілім тобын қорқытып жіберген. Бірақ актер өзін жақсы сезінетінін айтып, түсірілімді жалғастырған.
lenta.ru